Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.75
  • 586.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады

Үкімет қазақстандықтардың жалақысы өсетінін жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халықтың табысын өсіру жұмыстары туралы баяндады

  • 10 Ақпан
  • 9
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Азаматтардың табыс деңгейі артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні айтылды. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші — шамамен 31%, бұл — Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш.

«Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, соның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шаралар әзірлеп жатыр. Соның аясында қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары көзделіп отыр. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағды мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ, азаматтар үшін қаржы жүктемесін азайтуға бағытталған», — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгінгі жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.