Елімізде жолаушылар ұшағында интернет пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жолаушылар ұшағында интернет пайда болады

Елімізде жолаушылар ұшағында интернет пайда болады

Қазақстандық әуе компанияларының жолаушылары жуық арада ұшақ бортында интернетті пайдалана алады

  • 11 Ақпан
  • 4
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, цифрландыру аясында елде интернет инфрақұрылымы қарқынды дамып жатыр. Биыл 1900 ауыл талшықты-оптикалық интернетке қосылады, республикалық автожолдар мен теміржол бағыттары байланыспен қамтылады. Сонымен қатар отандық әуе тасымалдаушылар бортында интернет алғаш рет қолжетімді болмақ.

Бұл бастама Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі рөлін күшейтіп, спутниктік және трансшекаралық интернет жобаларын дамытуға мүмкіндік береді.