Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өз өнерінен кейін қазақстандық спортшы Olympic.kz-ке берген сұхбатында жарыс барысында толқуын жеңе алғанын айтқан.
«Бұл мені өте қатты қобалжытты. Өйткені бұл — әлем чемпионаты емес, Олимпиада ойындары. Сондықтан психологиялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Соған қарамастан, өзімді қолға алып, толқуды жеңе алдым. Бағдарламаны артық күш салмай, өз мүмкіндігіме сай, таза сырғанауды мақсат еттім. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай болды.
Жаттығуларда бәрін мінсіз орындап жүрдім. Бұл да нәтижеге оң әсерін тигізді. Барлық эмоцияны, ішкі сезімді жеңе алғаныма қуаныштымын. Енді демалып алуға уақыт бар. Содан кейін жарысты жалғастырамын», — деді спортшы.
Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сайыста еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.