Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жасағанын мойнына алсыншы. Қолымен істеді ме, мойнына алсын. Өтінемін”, — деді анасы.
Айта кетейік, 29 жастағы күдікті мен оның жұбайы Ақбаян Мұқанғалиевадан әлі хабар жоқ. Сонымен қатар із-түссіз кеткен Мейрамгүл Қарабалина мен інісі Наурыз Мұқанғалиев те табылған жоқ. Полиция іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Күдіктінің 5 баласы мемлекеттің қамқорлығына алынды.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың басында Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының жоғалып кетуі қоғамда дүрбелең туғызған еді. 6 қаңтарда полиция ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйітін үй ауласындағы сарайдан тапқан. Марқұмдардың денесінде пышақ жарақаттары анықталған, ал мәйіттерді күдікті көміп, үстін жиһазбен жабып қойған.