“Балам өлең ішінде өз тағдырын айтып кеткен”: Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден озған ұлы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 491.88
  • 585.83
0 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Балам өлең ішінде өз тағдырын айтып кеткен”: Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден озған ұлы туралы

“Балам өлең ішінде өз тағдырын айтып кеткен”: Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден озған ұлы туралы

Ақын Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында дүниеден озған ұлы туралы тың дерекпен бөлісті.

  • 11 Ақпан
  • 334
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол ”Adyrna” порталына берген сұхбатында ауыр қайғаны қалай еңсергенін айтты.

”Қайғы деген нәрсе сынақ. Сынақтың біз білмейтін тылсым философиясы, астары бар шығар деп ойлаймын. Неге олай ойладым? Себебі, кейін баламның өлеңдерін тауып алдым. Сол өлең ішінде балам өзінің тағдырын айтып тұр. 15-ақ жасында терең философиялық өлең де жазған. Мынау жай нәрсе емес қой деп ойладым. Басыма қайғы түскен кезде бейіттің басында тұрғанымда қасыма осындай қасіретті басынан өткізген ағаларым келді. Ақыл-кеңестерін айтты. Көп ақыл айтқан — Бауыржан Омар. Ол кісі де ертерек те қызын жоғалтқан. Есім кіресілі-шығасылы. Бірақ тыңдап тұрдым. Кейін сол айтқан ақылдарын жадымнан шығарған жоқпын. Ол кісілер “осыны көтере алмай өзін жоғалтқан адамдар көп болды” деді. Мені сергіткен екінші нәрсе — анамның өмірден өтіп кеткені. Анам біздің әулетіміздің қайғысын арқалап кетті. Адам түсінбес кезең болды. Мен әкесімін ғой, бірақ ең ауыр болғаны анасына болды. Анаға өте қиын екен. Әлі күнге дейін сол қайғыдан шыға алмайды. Кейін анасының да ерлігі болды. Өздеріңіз білесіздер, Әлихан өмірден өткеннен кейін 9 ай өткенде бізге Әлімхан батырды сыйлады. Бүкіл ел қуанды. Алла мені қайғыртып, бір қуантып сыйлады. Бір қайғы болса, артынан он жақсылық болады деген рас екен”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 2 қаңтарында Көкшетау маңындағы тау-шаңғы базасының бірінде ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы Әлихан ағашқа соғылып, көз жұмған еді.