Тоқаев Сербия президентін елдің Мемлекеттілік күнімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Сербия президентін елдің Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Тоқаев Сербия президентін елдің Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Ол президенттің қызметіне табыс тіледі.

  • 15 Ақпан
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді.

“Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі”, — делінген хабарламада.