Отбасылы еркектің ақшасы жоқ, қыздар түсінсеңдерші - блогер "тоқалдарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отбасылы еркектің ақшасы жоқ, қыздар түсінсеңдерші - блогер "тоқалдарға үндеу жасады

Отбасылы еркектің ақшасы жоқ, қыздар түсінсеңдерші - блогер "тоқалдарға үндеу жасады

Желіде танымал блогер күйеуіне жас қыздардың жабысатынын айтып, қазақ қыздарына үндеу жасады.

  • 17 Ақпан
  • 7
Фото: Instagram/bnazerke2013a

Ол видеода отбасылы еркектердің артық ақшасы болмайтынын жеткізген, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін күйеуім мені өзі алып кетті, ойымда ештеңе жоқ, алдында заттары болған соң, көліктің артына отырдым. Қыздар не көрінді соншама, көлікті подрезать етіп, бір қыз бағдаршамда тұрып қалды. Сосын күйеуіме: «Терезені ашсаңыз?» дейді. Сөйтіп менің байым терезені ашады.

Ана қыз: «Мынадай көлікте сізбен бірге жүру үшін, не істеу керек?» деді. Күйеуім айтып қояды: «Өкінішке орай ол мүмкін емес» деп. Сол «өкінішке орайы» үшін үйде соғыс болып жатыр. Қыздар, үйленген еркектердің үйінде айдаһар, анакондалары бар.

Оларда ақша болмайды, неге соны түсінбейсіңдер? Оларда анау, мынау керек деген әйелдері болады үйінде. Бала-шағасы бар, олардың оқуы бар. Менің күйеуім жақсы ақша табады, 13 жылда жұмыс істеп, бірде-бір тиын таппадым. Бірақ, үй, көлік бәрі маған рәсімделген. Күйеуім ертең мен өлім қалсам, далада аш қалмайсың, уайымдама дейді. Сөйтіп бәрі маған жазылған.

Ана күшті көлік менің атымда, мен оны бермеймін. Қашан түсінесіңдер қыздар? Үйленген еркекте ақша болмайды, олардың айдаһар қатындары болады. Мысалы менің ай сайынғы хотелкаларым бар, үш баланың продленкасы бар, олар бүкіл ақшасын отбасына құяды. Мен күйеуіме ой сен кәрісің, сен кімге керексің деп жүрсем, сендер жұлып әкетейін деп тұрсыңдар», — дейді келіншек.