"Марқайып қалды: Бір топ айтыскер ақындар Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Марқайып қалды: Бір топ айтыскер ақындар Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті

"Марқайып қалды: Бір топ айтыскер ақындар Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті

Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерманды мерейлі 75 жасымен құттықтады.

  • 18 Ақпан
  • 307
Фото: Видеодан скриншот. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айнұр Тұрсынбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеодан қазақ айтысының дамуына сүбелі үлес қосқан белгілі ақынға шәкірттерінің сый-құрмет көрсеткенін байқауға болады. Олар Жүрсін Ерманның иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, сый-сияпаттарын табыстады. Сонымен қатар, ақынның жарына 101 гүл шоқтарын ұсынып, ілтипаттарын білдірді.

«Бүгін қазақ айтысының қара нары, бәрімізді әкеміздей қамқорлығына алып, сахнаға шығарған Жүрсін ағамызды 75 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайттық. Ертеңгі дүбірлі тойдың басын өзінің ақын ұл-қыздары бастап бергеніне Бақытжамал апамыз екеуі бір марқайып қалды.

Ағамыздың мерейлі мерекесіне Жезқазғаннан арнайы келген ағайын-туыстары кеше ғана өзіміз өткізген «Қазақи шоу»-ды сүйсініп көргенін және жобаның жалғасын тағатсыздана күтіп жүргендерін айтты.

Жүрсін ағамыз да біздің бастамамызды жоғары бағалап, алдағы жоспарларымызға ақ батасын берді. Айтыстың ақсақалы, қазақ өнерінің қара нары ұзақ жасасын!», — деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Желі қолданушылары ақындардың ауызбіршілігі мен кішіпейілдіктеріне риза болып, ізгі тілектерін жарыса жазуда.

«Жарайсыздар, не деген жып-жылы көрініс», «Алла денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін», «Береке-бірліктеріңді көрсетіп, құттықтағандарың керемет, айтыстың әлі жалғасатынын дәлелдеп жатырсыңдар», «Жүрсін ағаның айтыс үшін жасаған еңбегі бір төбе, 100 жасасын», «Айнұрдың қарапайымдылығына таң қалдым, керемет», — деп жазды олар.