Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Имам «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында темекі тартатын, қарызы бар адамдардың ауыз бекіте алатынын айтты.
«Темекісі күндіз тартылмаса ораза ұстай береді. Боқтап сөйлейтіндер күндіз болсын, түнде болсын боқтаса сауабы азаяды. Қарызы барлар да ауыз бекіте береді. Мүмкін, сол оразаны пайдаланып адам өзгеретін шығар. Жалпы халыққа айтарым, біреудің темекісін, аузындағы сөзін аңдымай, өзіңізбен айналысыңыз. Ол адам мүмкін, қоя алмай жатқан шығар. Сол адамға жәрдем беріп, зиянды әдетін қоюына себепкер болайық. Боқауыздан, өсектен, жаман сөзден, дау сөзден, ұятсыз сөзден ораза бұзылмайды. Бірақ, айта бер деген де сөз емес. Сауабы кемиді. Пайғамбарымыз «ең соңында бұл адамдікі ораза емес, жай ашығу болады» дейді. Кәдімгі диета болады», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол ауызашарда дұға-тілекті қазақша айтуға шақырды.
«Ауызашарда тілекті неге қазақша айтпаймыз? Оны арабша оқу шарт емес қой. «Алла, ішкен суымды нәсіпті қыл, оразамды қабыл қыл» деген сияқты әр ұлт өзінің құндылығын сақтау керек. Біздің болашағымыз тап сол жерде», — дейді ол.