Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Тележүргізуші желіге жаңа образдағы суреттерін жүктеп, ерекше пост жазды.
«Мен неге осындаймын? Бұл пост — сила волиі әлсіздерге. «Сенің аскезаң қандай? Неден аскеза?».
Шынымды айтсам, бұл тәсіл өз өзін жеңу қиын адамдарға жақсы көмектеседі. Мысалы, мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, жүрем, жаман ойды жақсыға айналдырамын, бір уақытта ұйықтаймын. Оны жай ЗОЖ емес, арманға негіздеп қойдым: 10 күн, 2 жұма не 1 ай. Өзіммен келісімшартқа отырғандай…
Миға бір ой жібердім: бұзсам, ниетім орындалмайды деген. Сол стоп сияқты жұмыс істейді. Нәтиже? Салмақ кетті, бет тазарды. Ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме сенім пайда болды.
Байқап көріңізші. Ал сізде қандай аскеза болды? Айтпақшы темекі тартатын таныс жігіт те осылайша тастап кетті», — деп жазды ол.