Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін

Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін

Қазақстандықтар енді 30 тамызда демалмауы мүмкін. Егер 15 наурызда референдумда жаңа Конституция қабылданса, онда Конституция күні ауысады

  • 20 Ақпан
  • 3
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мән-жайы

15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Егер халық қолдап дауыс берсе, 15 наурыз Конституция күні ретінде жаңа мемлекеттік мерекеге айналуы мүмкін.

Қазір Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі. Бұл — 1995 жылы қолданыстағы Конституция қабылданған күн. Бұл дата мемлекеттік мереке болып саналады және ресми демалыс күні.

30 тамыз 2026 жылы демалыс болып қала ма?

Бұл сұраққа жауап алу үшін Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдаған.

Министрлік не дейді?

Ведомствоның мәліметінше, заңнамаға өзгеріс енгізілмейінше, 30 тамыз 2026 жылы да мемлекеттік мереке әрі демалыс күні болып қала береді.

Алайда егер жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Демек, сол өзгерістер заң жүзінде бекітілсе, 30 тамыз Конституция күні мәртебесінен айырылып, тиісінше мерекелік демалыс күні де болмай қалуы ықтимал.

«Егер «Конституция күні» мемлекеттік мерекесі өзге күнге бекітілсе, тиісті заң күшіне енген күннен бастап 30 тамыз мемлекеттік мереке мәртебесін жоғалтады», — делінген жауапта.