Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатта:
«Десилмакс» дәрілік затының (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг, пішінді ұяшықты қаптамада 4 таблеткадан, картон қорапта 1 пішінді қаптама), өндірушісі – «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» (Үндістан), сериясы BSE92301A, жарамдылық мерзімі 07.2026 жылға дейін – медициналық мақсатта қолданылуына тыйым салынсын және айналымнан алып қойылсын», – делінген құжатта.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Хабарламада айтылғандай, препаратты айналымнан алып қоюға 2026 жылғы 6 ақпандағы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Комитетке жолдаған хаты және 2025 жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.