Қорғаныс министрлігі белгілі бір міндеттер үшін дербес деректердің тізбесін бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаныс министрлігі белгілі бір міндеттер үшін дербес деректердің тізбесін бекітті

Қорғаныс министрлігі белгілі бір міндеттер үшін дербес деректердің тізбесін бекітті

ҚР Қарулы Күштері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекітлді.

  • 24 Ақпан
  • 3
фото-Caravanz

Қорғаныс министрі 2026 жылғы 13 ақпандағы бұйрықпен ҚР Қарулы Күштері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде әскери қызмет өткеруді қамтамасыз ету үшін мынадай дербес деректер қолданылады:

  • Туған жылы, күні, айы
  • Туған жері
  • Ұлты
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі
  • Азаматтығы туралы мәлімет
  • Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәлімет
  • Жеке нөмір
  • Әскери атағы туралы мәлімет
  • Негізгі антропометриялық дерек
  • Отбасы жағдайы туралы мәлімет (некеде болуы, неке қию туралы куәлік дерегі, некені бұзу туралы куәлік дерегі, зайыбының (жұбайының) тегі, аты, әкесінің аты (болса), зайыбының (жұбайының) жеке басын куәландыратын құжаттың дерегі, туыстық дәрежесі, басқа отбасы мүшелерінің, асырауындағы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болса) және туған күні, балаларының (оның ішінде асырап алған, қамқорлығындағы) болуы және олардың жасы)
  • Білімі туралы мәлімет (оқу орнына оқуға түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні), дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе білім беру мекемесін бітіргені туралы басқа да құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні, білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері, факультеті немесе бөлімшесі, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі және мамандығы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мемлекеттік және өзге де тілді білуі)
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметке дейінгі дербес еңбек қызметі туралы мәлімет
  • Еңбек кітапшасына енгізілген мәлімет (әскери қызмет өткеруді қоспағанда)
  • Жүргізуші куәлігінің болуы туралы мәлімет
  • Мемлекеттік және ведомстволық награда, грамота, алғыс хат туралы мәлімет (награданың атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні мен түрі)
  • Ғылыми дәрежесі және атағы туралы мәлімет
  • Тұрғын үйінің (жылжымайтын мүліктің), жылжымалы мүліктің болуы (болмауы) туралы мәлімет
  • Әлеуметтік жеңілдігі және әлеуметтік мәртебесі туралы мәлімет (жеңілдік пен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы, құжат сериясы, нөмірі, берілген күні)
  • Спорттық разрядының, спорттық атағының болуы туралы мәлімет (құжат сериясы, нөмірі, берілген күні)
  • Әскери міндетті адамдардың және әскери қызметке шақырылуға тиіс адамдардың әскери есепке алынуы туралы мәлімет
  • Жеке басын куәландыратын құжаттың дерегі (құжат атауы, нөмірі, берілген күні, жарамдылық мерзімі; құжат берген орган)
  • Жеке басын (әскери) куәландыратын құжаттың дерегі
  • Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеруі туралы мәлімет
  • Соғысқа және басқа да жауынгерлік іс-қимылға қатысқаны туралы мәлімет
  • Зейнетақыға еңбек сіңірген жылын жеңілдік шартында есептеуге құқық беретін әскери қызметі туралы мәлімет
  • Жауынгерлік іс-қимылда жаралануы, контузия алуы, күюі мен улануы және олардың сипаты, қашан және қайда алғаны туралы мәлімет
  • Шетелде іссапарда болуы
  • Запаста болу уақытында әскери жиыннан өтуі
  • Өмірбаяны
  • Аттестаттау бойынша материал
  • Тұрғылықты жерінің мекенжайы
  • Байланыс телефонының нөмірі
  • Қызметтік мінездемесі
  • Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың, еңбек шартының мазмұны мен деректемесі
  • Жеке құрам және саптық бөлім бойынша бұйрықтарда және оларға материалда көрсетілген мәлімет
  • Көтермелеу мен тәртіптік жаза туралы мәлімет
  • Қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленгені туралы мәлімет
  • Ағымдағы тұрғын үй төлемін алғаны туралы мәлімет
  • Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы мәлімет
  • Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылығы (ӘДК-нің қорытындысы)
  • әскери-есептік мамандық бойынша даярлыққа және әскери лауазымда әскери қызметке кәсіби жарамдылығы
  • Қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны туралы мәлімет
  • Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәлімет
  • Ұшу жұмысын, жүзу өтілін, парашютпен секіруді, сүңгуірдің су астындағы жұмысын, жерасты құрылысжайында жауынгерлік кезекшілік атқаруды есепке алғаны туралы мәлімет
  • Өзіне және зайыбына (жұбайына) кіріс пен мүлік туралы декларацияны тапсырғаны туралы мәлімет

Бұйрық 2026 жылғы 6 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.