"Кенжебектің балдызы": Жанболат пен Жазираның болашақ келініне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кенжебектің балдызы": Жанболат пен Жазираның болашақ келініне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойылды

"Кенжебектің балдызы": Жанболат пен Жазираның болашақ келініне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойылды

Эстрада жұлдыздары Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлдары шаңырақ көтергелі жатыр.

  • 25 Ақпан
  • 137
Фото: www.instagram.com/zhamilya_tulegenovna. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде болашақ келіннің Музарт тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловке туыстық қатысы бары туралы түрлі ақпарат тараған еді. Осыған байланысты әншінің жары Жәмилә Төлегенова Instagram парақшасында жазба жариялап, мән-жайды түсіндірді.

«Кенжебектің балдызы.. Кенжебектің қарындасы… Кенжебектің қайын әпкесінің қызы..

Жанболат пен Жазираға келін болғалы жатқан кім? Бізге қандай туыстық қатысы бар? Осының бәрін өзім түсіндіріп берейін..

Біз әке мен анадан жетеуміз. Қыздың кішісі мен, ұлдың кішісі Мұхамеджан. Мұхамеджан менен бір жас кіші. Мамамыз 2004 жылдары сырқаттанып жүріп, Мухамеджанның үйленуін қалады. Сөйтіп шаңырағымызға қазақылық пен салт дәстүрді қастерлейтін, маңғаз Маңғыстаудың қызы Лиза келін болып түсті. Лиза ибалылығымен, инабатымен әулетіміздің ажарымен базарына айналды. Араға бір жыл салып дүниеге Асылы келді. Атын анамыз қойды. Асылы деп әйгілі қазақ тілінің жанашыры Асылы Османова апамыздың құрметіне қойды. Асылы апамыздың өзін шақырып бесікке бөлетті. Асёка дүниеге келгеннен кейін араға сегіз ай салып анамыз дүниеден озды. Сосын Лизаның анасы Асёканы бағып қағып, мектеп бітіргенше тәрбиесін берді. Сөйткен Асёкамыз өсіп келін болғалы жатыр. Аллаға шүкір, еліміздің ең танымал отбасыларының бірі Жанболат пен Жазираға. Құдай тіл көзден сақтасын!

Дайректтен келіп жатқан сұрақтарға жауап бере алдым деп ойлаймын», — деп жазды ол.