Шайдоров елге оралды: Чемпионға және бапкерлеріне баспана кілті табысталды - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайдоров елге оралды: Чемпионға және бапкерлеріне баспана кілті табысталды

Шайдоров елге оралды: Чемпионға және бапкерлеріне баспана кілті табысталды

Астанада мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны салтанатты түрде қарсы алды.

  • 25 Ақпан
  • 123
Фото: Спорт және туризм министрлігі

Спортшылар Миланда өткен қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, елге оралды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Туған жерге табан тіреген сәттен бастап Михаил Шайдоровқа сый-құрмет көрсетілді. Чемпионға Астанадан үш бөлмелі пәтер табысталды. Олимпиада чемпионының жеке бапкері, ресейлік маман Алексей Урманов пен Қазақстан құрамасының бас бапкері Асем Касанова да жаңа баспанаға ие болды. Алексей Урмановқа Алматыдан үш бөлмелі пәтер берілсе, Асем Касановаға бір бөлмелі пәтер кілті табысталды.

Сондай-ақ 2026 жылғы Олимпиадада әйелдер арасындағы жекелей сында 10-орын алған Софья Самоделкина да марапатсыз қалмады. 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған спортшыға Астанадан бір бөлмелі пәтер берілді.

Олимпиададағы жеңісінен кейін елге оралған Михаил Шайдоров қуанышын жасыра алмады.

“Осындай кеш уақытта қарсы алуға келген баршаңызға үлкен рақмет айтқым келеді. Мен өте қуаныштымын. Олимпиадада елімнің туы ең биік әрі ең құрметті орында желбірегенде, кеудемді мақтаныш кернеді. Көптеген жылы лебіз естідім. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін, осындай керемет сыйлықтар үшін алғыс айтамын. Айтар сөзім жоқ, тек үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл – мен үшін алға қарай өсіп, еліміздің атын асқақтатуға берілген үлкен мотивация”, – деді Михаил Шайдоров.