“Ақылыңды бір жеріңе тығып қой” деп сөйлегендерді де көрдім: Саят Медеуов орамалдағы әншілер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 501.26
  • 590.38
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ақылыңды бір жеріңе тығып қой” деп сөйлегендерді де көрдім: Саят Медеуов орамалдағы әншілер туралы

“Ақылыңды бір жеріңе тығып қой” деп сөйлегендерді де көрдім: Саят Медеуов орамалдағы әншілер туралы

Танымал әнші Саят Медеуов дінді әлеуметтік желілерде дінді насихаттайтындарды заңмен тоқтатуды ұсынды.

  • 26 Ақпан
  • 15
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол“Qazaq Airan” YouTube арнасына берген сұхбатында дінді жамылап елге ақыл айтатындарды қатаң сынады.

”Діни жағынан артық кетіп жатқан жеріміз көп. Заң интернетте отырып алып, елге ақыл айтып отырғандарды, дінді насихаттағандарды барлығын тоқтату керек. Дінді насихаттай отыра, “мынаны былай істей, үйтпесең болмайды” дегеннің бәрін елеп, қалатынын қалдырып, болмайтынын алу керек. Осылардың барлығын діни басқарма қадағалау керек. Ақыры айыппұл салғыш мемлекетпіз ғой, соларға айыппұл салу керек. Дінде жүріп төсекті туралы айтатып, үгіт-насихат жүргізіп отырады. Діни жағынан келіп, өзінше елге ақыл айтып отырған молдалар, барлығын бірдей тоқтату керек. Елді бұзбасын”, — дейді ол.

Сондай-ақ, өнер иесі орамал тағып, қайта шешкен әріптестері туралы да өз ойын айтты.

”Орамал абыройыңды жаппайды. Абыройыңды ақылың жабады. Орамал тағып, қалай болса солай сөйлеген әріптестерді де көрдім. “Ақылыңды бір жеріңе тығып қой” деп сөйлегендерді де көрдім. Өзі осыны көрсе, ұялатын шығар. Атын атап, түсін түстеп, елдің алдында біреудің айыбын ашқым келмейді. Ол адам орамал тағып, дүңкілдеткен ән айтып жүрді. Өзі көрінбей кетті. Содан “саған жаным ашиды, қандай керемет әншісің, әттең, өнерді қолға алсайшы” дедім. Ол “менің саған жаным ашиды, намаз оқымайтыныңа” деді. Мүмкін, мен намаз оқымайтыныма кінәлі шығармын. Бірақ, менің түсінігімде әр адам өзіне молда. Ақылды адамның молдалығы молдадан артық болатын кездері болады. Көп жерде міндетті түрде молда айтты екен, шариғат айтып, тура айтып отыр дегенге келісе алмаймын”, — дейді әнші.