Қаржы министрлігі әкімшілендіру ісін цифрландырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 501.75
  • 591.96
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрлігі әкімшілендіру ісін цифрландырып жатыр

Қаржы министрлігі әкімшілендіру ісін цифрландырып жатыр

2026 жылғы 26 ақпанда Астанада Қаржы министрлігінің алқалы жиыны өтті

  • 27 Ақпан
  • 1
Фото: Қаржы министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Онда мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында салық агенттерінің функцияларын маркетплейстерге, интернет-агрегаторларға және екінші деңгейлі банктерге беру көзделгені атап өтілді.

«Жеңілдетілген декларацияны автоматтандыру, СЕН алдын ала толтыру, салық төлеушілерге арналған ЖИ-сервистерін енгізу, сол секілді МКК дерекқорларын басқа ведомстволармен интеграциялау жоспарланған. Заңды тұлғаларға төлемдерді автоматты түрде жасау мүмкіндігі бар «Салық әмияны» тетігі жолға қойылады»,- делінген ақпаратта.

2026 жылы «Цифрлы ҚҚС» жобасы (1С, ЭШФ, SDF, СӘИЖ) аясындае негізгі жүйелерді интеграциялау жалғасады. Жобаға ірі экспорттаушыларды қосып, мемлекеттік сатып алуда цифрлы теңгені пайдаланып, қанатқақты жобаны іске қосу межеленген.

Мемлекеттік кірістер органдары 42 қызмет көрсетіп келеді. Оның 39-ы (92%) электронды форматқа ауыстырылды. 13 қызмет толық автоматтандырылған, 37 қызмет eGov.kz порталында жолға қойылған. Бизнеске қолдау көрсетудің проактивті сервисіне көшу жалғасады.