Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Желі қолданушыларының бірі Катарға отбасымен ақпанның аяғында барғанын жазған.
«Катар, Доха, 28.02.2026. Біз достарымызбен 26.02күні келіп, қонақ үйге орналастық.
Дәл бүгін сирена ойнап, осындай жаман дүниелерге куә болудамыз. Алладан тек жәрдем сұраймын.
Еліміздің үкіметінен “көмек” сұраймыз. Жалғыз біз емес, осындағы бүкіл қазақтар “елімізден” жаңалық күтіп отырмыз. Консульства звондадық, жаздық бірақ өкінішке орай нақты жауап жоқ, қай уақытта, қашан келіп алып кетеді, т.б сияқты сұрақтарға нақты жоқ жауап!
Тек күту ғана бар қолымыздан келетіні…Бұл постты, өз қауіпсіздігім мен елге хабар болуы үшін, дәл осы сәтте шын көзбен көріп отырған азаматша ретінде салудамын! Аллам бәрімізге жар болсын», — деп жазды ол.