Ол Ораза айында жомарт адамның 30 отбасына 30 пәтер бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Ораза айында , бетпердедегі жігіт , 30 отбасына 30 пәтер сыйлады ❤️ Осы жігіт кім??, Димаш Қайрат Реймов. Қалай ойлайсыз? 4- ші нұсқа сіздерден…», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары маска адамның Димаш Құдайберген немесе оның інісі болуы мүмкін деген пікірлерді жиі айтып жатыр.
«Сәкен Майғазиевке ұқсайды екен. Шынымен беріп жүр ме пәтерді. Егер рас болса бұл кісіге алла разы болсын», «Мен Димаштың інісі деп ойлаймын. Димаш өзі қолы босамайды. Сол үшін інісі арқылы істеп жатыр деп ойлаймын», «Бұл жігіт айтты емеспе, әкем қатты ауырғанда Алладан дұға тіледім , егер әкем сауығып кетсе, сол жақсылыңды еш ұмытпай халыққа көмек берем дедім, содан әкем сауығып Аллаға берген уәдемді орындап жүрмін деп…. Сондықтан сіз таңдаған нұсқалардың ешқайсысы емес ау» деп жазуда олар.