Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми ақпаратты 2026 жылдың 3 наурызында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.
Ұлан Бекіш 1986 жылғы 5 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін үздік дипломмен («Информатика» мамандығы) тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Ақпараттық технологиялар кафедрасының зертханашысы, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы (09.2008–06.2009);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК-да Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің маманы, жетекші маманы, Астана қ. (06.2009–08.2012);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК-да Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің басшысы, Астана қ. (08.2012–01.2013);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-да кешенді тестілеу бөлімінің басшысы, жобаларды басқару бөлімінің басшысы, денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (01.2013–06.2016);
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ цифрлық трансформация департаментінің директоры, Астана қ. (08.2016–11.2020);
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының оқытушысы, Астана қ. (09.2020–01.2021);
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары (проректор), Өскемен қ. (01.2021–04.2022);
«Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ бас директоры (04.2022 жылдан бастап).