Өтірік құран сөзін оқып, адам жинама - Айтыскер Сара Тоқтамысова туралы шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 499.83
  • 581.5
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өтірік құран сөзін оқып, адам жинама - Айтыскер Сара Тоқтамысова туралы шу шықты

Өтірік құран сөзін оқып, адам жинама - Айтыскер Сара Тоқтамысова туралы шу шықты

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова желіде қарыздан құтылу жолдарын көрсетемін деп, елдің сынының астында қалды.

  • 5 Наурыз
  • 15
Фото: Instagram/sarkanai

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айтыскер ақын халыққа қарыз бен кредиттен құтылудың жолын ұсынған.

Ол өзінің желідегі парақшасыда: «Қарыздан құтылып, ризық-несібесі артсын деген жанға жіберіңіз» деп, «Әл-муғни», «Әл-Уаххаб», «Әр-Раззақ» деген Алланың үш есімін айтуға кеңес берген.

Оқырмандардың кейбірі оған қолдау көрсетсе, енді бірі сыни пікірлерін жаудырған.

«Қарызға кірмес бұрын адам ойлану керек, алмақтың да салмағы бар деген. Өзің бірінші әрекет жасап, жұмыс істеп, ақша тауып қарыздан құтылудың жолын іздеу керек. Үнемшілдік есеп болу керек. Бұл үш дұғаны жай оқығаннан еш пайда жоқ. Қазақша іштей құдайға ниет білдіру жеткілікті болады есептеймін», «Өтірік кұран сөздерін пайдаланып адамды жинау», «Ой сіздер де ақыл айтып қоймадыңыздар ғой» деп жазуда олар.