8 наурызда Таяу Шығыстан елге тағы 1 786 қазақстандық жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 571.78
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 наурызда Таяу Шығыстан елге тағы 1 786 қазақстандық жеткізілді

8 наурызда Таяу Шығыстан елге тағы 1 786 қазақстандық жеткізілді

Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді.

  • 8 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлап отыр.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.