Атаулы әлеуметтік көмек қашан тағайындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атаулы әлеуметтік көмек қашан тағайындалады

Атаулы әлеуметтік көмек қашан тағайындалады

2026 жылғы 12 наурызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) деген не екенін, оның кімдерге және қандай жағдайда берілетінін еске салды

  • 12 Наурыз
  • 1
Kazakhstan money - tenge. 500, 1000, 2000, 5000, 10000 banknotes. Close up of tenge on white background. High quality photo

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 30,3 мың отбасындағы 163,3 мың адамға тағайындалған. Бұл мақсатқа 5,2 млрд теңге төленген.

Биыл осы әлеуметтік төлемге республикалық бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға беріледі. Ол азаматтарға қиын өмірлік жағдайда қолдау көрсету және олардың тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында тағайындалады.

АӘК мыналарды көздейді:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың наурызына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 50,1 мың балаға 618,1 млн. теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.