Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қанат Шарлапаев бұл туралы отандық Adal Adam ютуб арнасына берген сұхбатында мәлім етті.
«Тіл үйрену үшін, шынын айтқанда екі нәрсе керек. Ұмтылу керек, одан кейін уақыт керек. Уақыты келген соң, қазір кішкене нәтижесін көріп тұрмыз ғой? Ол біріншіден.
Екіншіден, шынын айтқанда көбісі мені сынға алып, әсіресе журналистер қазақ тілін білмейтін адам, қазақша сөйлемейтін адам деп сынады.
Шынын айтқанда намыстандым. Репетитор, уақыт керек. Сосын қазақ тілінде сөйлеуге тырысу керек. Осы үш нәрсе болса, әрине тілді үйренуге болады.
Әрине, оңай деп айтпаймын. Бірақ мүмкіндік бар», — деп жазды ол.