"Бақытты болу оңай болса, бәрі бақытты болар ма еді...": Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.99
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бақытты болу оңай болса, бәрі бақытты болар ма еді...": Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков жан сырын ақтарды

"Бақытты болу оңай болса, бәрі бақытты болар ма еді...": Үшінші рет үйленген Әбілмансұр Серіков жан сырын ақтарды

Әбунасыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков үшінші рет шаңырақ көтерді.

  • 12 Наурыз
  • 117
Фото: www.instagram.com/gmaksatovnaa. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әбілмансұр Серіковтың су жаңа жары, актриса Ғалия Ұзақбаева әлеуметтік желіде неке қию сәтінен суреттер жариялады. Ал актердің өзі жеке парақшасындағы жаңа жазбада ізгі лебіздерін білдіріп жатқан желі қолданушыларына алғысын білдірді.

«Егер бұл өмірде, бақытты болу оңай болатын болса, бәрі бақытты болар ма еді… Қандайда бір тілеген тілектеріңіз, өздеріңізге еселеніп қайтсын», — деп жазды ол.

Өнер иесінің оқырмандары бұл жазбаға түрлі пікір жазуда.

«Әрине, дұрыс айтасың! Бақытты бол, өміріңнің соңына дейін сұлуыңмен бір жастықта әдемі қартайыңдар!», «Әр гүлге бір қонып жүрген көрсеқызар сияқтысың», «Актер ретінде жақсы көремін, бірақ ер-азамат ретінде әлсіз екен», «Бақыт іздеп енді төртіншісін алма, өмір бақыттан емес, бақытты сәттерден тұрады», — деп жазды олар.