Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық әйел «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мамандарына сұрақ жолдаған.
Оны дипломның телнұсқасын алу мәселесі қызықтырған.
«Менің тегім өзгерді. Дипломды қалпына келтіру үшін қандай құжат ұсынуым керек?» деп сұраған ол.
Мамандар бұл үшін екі құжат қажет екенін нақтылады.
«Сіз неке қию немесе некені бұзу туралы куәлікті, сондай-ақ аты-жөнін (Т.А.Ә.) өзгерткенін растайтын куәлікті немесе Т.А.Ә. өзгергенін дәлелдейтін өзге де құжатты ұсынуыңыз қажет», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметі.