Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Kitapal YouTube арнасына берген сұхбатында екінші мүшел жасқа дейін үйленбеген жігіттерді «болмыстың ауытқуы» деп сипаттады.
«Мүшел жас — болмысыңның екінші күйге өтуі. 13-те мүшелден шыққан кезде қиялмен ойлайтын қабілетің тоқтайды. Ары қарай рационализм келеді. Бұрынғыдай ұшатын кілемге сенбейсің. Илон Маск сияқты зымыранмен ұшатынды ойлап тұрасың. Ал 25-ке келгенде не болады? Жігіттік желік басылып, қыз темасы жабылу керек. Соған дейін ғашық болатынға ғашық болып, табындыратын қыздарды табындырып, сөз салатынға сөз салып, үйленіп, құдалығыңды жасап болуың керек. 26-да «жау қайда» деп ақырып тұруың керек. Ал 27-28 жасыңда әлі «үйлену керек еді», «бір қызға ғашық болып жүрмін», деп жүрсең, ол — болмыстың ауытқуы, кеш дамып жатыр деген сөз. Жақсы емес», — дейді ол.
Сондай-ақ, ол үшінші мүшел жасқа тоқталды.
«37 жаста үлкен майданға шығу керек. Теориялық түрде алған білімнің нағыз көрінетін жері майданда басталады. Сәл кестеден кешігетін болсаң, өкініші өзекті өртейді. Сондықтан дәл уақытында күресіп, жалындап жанып, қартайған кезде жастармен жағаласпай отыру керек», — дейді Санжар Керімбай.