Қонаққа барып, қыдырып жүреді - Адвокат үйқамақта отырған Жанабыловтарға қатысты тың дерекпен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.68
  • 568.23
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаққа барып, қыдырып жүреді - Адвокат үйқамақта отырған Жанабыловтарға қатысты тың дерекпен бөлісті

Қонаққа барып, қыдырып жүреді - Адвокат үйқамақта отырған Жанабыловтарға қатысты тың дерекпен бөлісті

Бүгін Астанада блогер Жанабыловтарға қатысты алғашқы сот отырысы өткен еді.

  • 13 Наурыз
  • 2
Фото: Instagram/Жанабыловтардың желідегі парақшасынан алынды

Адвокат оларға қатысты көпшілік арасында кең тараған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы ол отандық журналистердің біріне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Сот оларға осындай шешім шығарған. Олар тек кешкі 10-нан таңғы 7-ге дейін үйде болуы тиіс, қалған уақытта үйден шыға алады. Мысалы, сауда орталықтарына баруға болады. Себебі балалары кішкентай ғой, оларға әке-шешең үйқамақта отыр деп айта алмайсың.

Сол сияқты олар телефон, WatsApp-ен де пайдалана алады, тек осы іске қатысы бар жандармен ғана байланыса алмайды. Қолдарына сотқа дейінгі органдар браслет бермеген. Әлеуметтік желімен олар қолданбайды», — деді адвокат.