15 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді

15 наурызда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

  • 15 Наурыз
  • 3
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2026 жылғы 15 наурызда ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрі үшін жылдамдық шектеуі 80 шақ/сағаттан 110 шақ/сағатқа дейін ұлғайтылды:

Ақмола облысы

  • «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол бекеті)», 19-231-шақырым аралығы;
  • «Астана – Қарағанды – Алматы», 30-92-шақырым аралығы (Жібек жолы кенті – Анар станциясы).

Қарағанды облысы

  • «Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы», 92-164-шақырым аралығы.

Жабық жолдар

Сонымен қатар республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскелерінде шектеу әлі де бар:

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

  • Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.