Референдум кезінде АҚШ-та білім алып жатқан қазақ жастары мен ғалымдары дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Референдум кезінде АҚШ-та білім алып жатқан қазақ жастары мен ғалымдары дауыс берді

Референдум кезінде АҚШ-та білім алып жатқан қазақ жастары мен ғалымдары дауыс берді

АҚШ-тағы Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы №413 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады.

  • 16 Наурыз
  • 174
фото: Ж.Дүйсенбек

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға шетелдегі қазақстандықтар да қатысты. Референдум кезінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан жас ғалымдар дауыс берді. Сондай-ақ сол елде білім алып жатқан студенттер мен АҚШ-тағы Қазақстан азаматтары өз таңдаудалын жасап, ел үшін маңызды шешім қабылдауға ат салысты.

Жалпы референдум кезінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанында 54 елде орналасқан 71 учаске жұмыс істеді.

«Шетелде дауыс беретін Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 14 380 адамды құрайды», – деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов.

Вашингтондағы Қазақстан елшілігінде дауыс беру қорытындысы бойынша сайлаушылардың қатысуы 100 пайызды құрады. Дауыс беру үдерісі қалыпты режимде өтіп, ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беруді Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастырды.

Еске салсақ, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы референдум учаскесі өз жұмысын ең соңғы болып аяқтайтыны айтылған болатын.