Бұл ақпаратқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, әскери бөлімнің қарауыл бастығын қарамағындағы қызметкер атып алған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
ІІМ Әскери-тергеу департаменті әскериленген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқанын растады.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың нәтижесінде анықталады», – деп хабарлады ІІМ.