Қазақы стильді тек Наурызда кию керек деген баяғыда қалған - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 479.02
  • 551.11
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақы стильді тек Наурызда кию керек деген баяғыда қалған - Ләйлә Сұлтанқызы

Қазақы стильді тек Наурызда кию керек деген баяғыда қалған - Ләйлә Сұлтанқызы

Танымал тележүргізуші Ләйля Сұлтанқызы этностильді тек наурызда кию керек деген ойға қатысты өз пікірін білдірді.

  • 18 Наурыз
  • 5
Фото: Instagram/sultankyzy

Ол мұндай дәстүрді Қазақстанның батыс өңірі баяғыда ысырып тастағанан атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Этностильді тек Наурызда ғана кию керек деген түсінікті батыстың дизайнерлері баяғыда-ақ күн тәртібінен ысырып тастағандай, бұл жеке көзқарасым. Байқайсыздар ма, жәй ғана джинсының үстіне қажекей киіп, басына шекелік не тақия, шолпы таққан жастарды көрсең сүйсінесің.

Наурызнаманың 10 күндігі біреулер үшін ерекше болса, біз үшін кейде күнделікті өмірдей өтіп кетуі мүмкін. Ал Батыс өңірінде бұл — нағыз той.

Соңғы сән үлгісінен қалмай, қазақы нақышты сақтап образ тігетін мықты дизайнерлер де сіздер жақтан шығып жатыр. Соның дәлелі менің үстімдегі @aliya_tuman_atelier киімдері», — деді ол.