Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді  - kaz.caravan.kz
  • $ 482.49
  • 556.75
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады

  • 18 Наурыз
  • 3
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қазақстандықтар 30 тамызда демалмайды.

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Бұған дейінгі жылдары 30 тамызда Конституция күні аталып өтетін. Алайда енді мереке басқа күнге ауыстырылады.

Жоқ, демалыс күні енді болмайды, өйткені жаңа Конституция қолданысқа енгізілген бойда, 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болады, – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдум 15 наурызда өтті.

Бұдан былай бұл күні Қазақстанда жыл сайын Конституция күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, Жаңа Конституция ресми түрде 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.