1 млн гектардан астам жерге 1,6 млрд көшет отырғызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.32
  • 553.37
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 млн гектардан астам жерге 1,6 млрд көшет отырғызылды

1 млн гектардан астам жерге 1,6 млрд көшет отырғызылды

Президенттің елді мекендерге бес жыл ішінде 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы асыра орындалды

  • 20 Наурыз
  • 4
Фото: «Семей орманы» резерваты

ББұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында еліміздегі елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу жоспары алдын ала орындалды. Іс жүзінде 18 млн көшет отырғызылды. Бұл туралы ЭТРМ Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының басшысы Азамат Әбуов мәлімдеді.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында аумақтарды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, ведомство 2027 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызу жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік орман қорын молайту міндетін жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда Азамат Әбуовтің мәліметінше, 1 млн гектардан астам жерге 1,6 млрд көшет отырғызылған.

— Мемлекет басшысының елді мекендердің аумағына 15 млн ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы бар. Биыл бұл тапсырма алдын ала орындалды, яғни 18 млн ағаш отырғызылды. Аталған жұмыс «Таза Қазақстан» бастамасы аясында одан әрі жалғасатын болады, — деді ол.

Қызылорда облысындағы экологиялық ахуалды түзеу үшін Арал теңізінің құрғаған түбінде мелорациялық орман жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берілген болатын. Қазір ол жерде 1 миллион гектардан астам аумақта көшеттер отырғызылды. Бұл жұмыстар барысында ғылыми сүймелдеу жолымен жаңа технологиялар қолданылып жатыр.