“Адам ұрлау, кәсіпкерлерге қысым көрсету“: Алматыда күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Адам ұрлау, кәсіпкерлерге қысым көрсету“: Алматыда күдіктілер ұсталды

“Адам ұрлау, кәсіпкерлерге қысым көрсету“: Алматыда күдіктілер ұсталды

Алматыда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Сar

  • 27 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Алматыда адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, 27 наурызда Алматыда жедел әзірлеме аясында адам ұрлау және денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректеріне қатысты қылмыстық істер бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

Үйлестірілген әрекеттердің нәтижесінде барлық күдікті анықталып, ұсталған.

«17 санкцияланған тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан атыс қарулары, оның ішінде сәйкестендіру нөмірлері жоқ тапаншалар мен Калашников автоматы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 500-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді. Жедел ақпаратқа сәйкес тәркіленген қару мен оқ-дәрілерді кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсету үшін пайдалану жоспарланған», — делінген хабарламада.