Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бітімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.

  • 8 Сәуiр
  • 5
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды», — делінген хабарламада.

Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.