Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жақында тиктоктан бір видео көріп қалдым. Радикалды ислам жақтаушысы шайға байкот жариялап жатыр екен. Араққа емес, шарапқа емес, шайға. Не деуге болады? Жарайсың. Құттықтаймын, шай ішуші болмаңыз. Ол шайды сендердің ішкендеріңді қаламаймын, радикалдар. Өйткені сендер наурызға, домбырға қарсысыңдар. Сендердің 13 жасар қызды тұрмысқа бергендеріңе, әйелдердің оқуына тыйым салуларыңа мен қарсымын. Мен сендерге қарсымын, радикалдар. Исламға емес, радикалдарға қарсымын! Өйткені мен өзім адал, таза мұсылманмен бірге өмір сүрудемін. 4000 мұсылманға жұмыс беріп отырған мұсылманмен бірге тұрудамын. Сондықтан сендерге критикалық ойлау туралы сұрауға бола ма? Өйткені сендер менің айтпағанымды айтты етесіңдер. Қайталап айтамын, мен дінге қарсы емеспін! Дінге қарсы болуға менде ешқандай құқық жоқ. Сондықтан бүкіл елге мені “дінге қарсы” деп айту үшін ақымақ болу керек шығар. Әрине жоқ, сондықтан айтпағанды айтты демеңіздер. Сәл болсын ақылды болыңыздар, критикалық ойлауларыңызды қосыңыздар! Қайталап айтамын, біздің ұлтты бөліп, құртып жатқан радикалдарға ғана қарсымын”, — деді продюсер.