Бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі нақтыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі нақтыланды

Бюджеттік кредиттерді өтеу тәртібі нақтыланды

Үкімет Ұлттық қорға қатысты қолданыстағы қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

  • 9 Сәуiр
  • 4
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 2 шілдедегі №500 қаулымен бекітілген Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану қағидалары жаңа тармақпен толықтырылды.

– Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу жасалған кредиттік шарттарда көрсетілген мерзімдерде республикалық бюджетке аудару арқылы жүзеге асырылады, — делінген құжатта.

Сонымен қатар жоспарланған бюджет жасалған кезде мемлекеттік органдар бұрын берілген кредиттерден қайтарылатын ақшаны есептейді. Сол ақшаға тең соманы Ұлттық қорға қайта жіберуді бюджетке алдын ала енгізеді.

Айта кету керек жаңа редакцияға сәйкес, мақсатсыз пайдаланылған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер мемлекеттік аудит қорытындысы шыққаннан кейін үш ай ішінде міндетті түрде Ұлттық қорға немесе тиісті бюджетке қайтарылуы тиіс.

Бұдан бөлек, Ұлттық қордан бөлінген трансферттер есебінен берілген бюджеттік кредиттерді де Ұлттық қорға қайтару талабы нақтыланды.

– Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың соңына дейін республикалық бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау кезінде Ұлттық қорға бюджеттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз етеді, — деп атап өтілген қаулыда.

Қаулы 16 сәуір күшіне енеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет кірістері 104,4%-ға орындалды. Жоспарланған 6,2 трлн орнына 6,4 трлн теңге түсті; жоспар 268,7 млрд теңгеге асыра орындалды. 2025 жылмен салыстырғанда өсім 930,6 млрд теңгені (+16,9%) құрады Республикалық және жергілікті бюджеттер жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындады.