Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Лондонда 5-6 жасынан бері тұратын қазақтың баласы тілі түрікше шыққандықтан қазақ тілін білмейтінін айтты.
”Мен түрікше сөйлеймін, өйткені тілім түрікше шықты. Лондонда тұрған соң ағылшынша сөйлеп үйреніп қаласың. Ал ата-анам үйде ағылшынша сөйлейді. Олар ана тілімізде сөйлеуге үгіттейді. Мен отбасылымын, үш балам бар. Келіншегім де қазақ, бірақ өзім сияқты Ыстамбұл қаласында дүниеге келді. Балаларым тек ағылшынша сөйлейді, түрікше білмейді. Олар түрікше сөйлетуге ынталдандырып жүрмін. Мен Лондон көлік қатынасы компаниясында метро көлік жүргізушісі болып еңбек етемін”, — деді қазақтың баласы
Ол қым-қуыт заманда Алтайдан Түркияға, Түркиядан Англияға қоныс аударған Әбдісәлім Саваштың ұлы. Қазақша білмейді, ағылшын және түрік тілдерінде сөйлейді. Ата жұртында ешқашан болмаған.