Қытайдан Қазақстанға келуші қандастар саны рекордтық деңгейге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан Қазақстанға келуші қандастар саны рекордтық деңгейге жетті

Қытайдан Қазақстанға келуші қандастар саны рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда соңғы жылдары көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр. Мәселен, Қытай Халық Республикасынан келетін қандастардың күрт өскені байқалады.

  • 10 Сәуiр
  • 9
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросы мен Көші-қон комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш соңғы жылдары жоғары межеге жетіп отыр.

Атап айтқанда, 2025 жылы Қытайдың 7 405 азаматы Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген. Ең төменгі деңгей 2021 жылы болған. Ол жылы аспан асты елінен 249 адам көшіп келген.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрақты тұруға көшіп келушілердің барлығы этникалық қазақ екенін растап отыр.

Көші-қон комитетінің мәлімдеуінше, 2025 жылы Қытайдан 7 405 этникалық қазақтың келіп, «қандас» мәртебесін алғаны көрсетілген. Олардың арасында 3 690 отбасы бар.

– Қазіргі таңда ҚХР-дан келетін қандастардың негізгі бөлігі еңбекке қабілетті жастар (57,4%). Келген ағайынның ішінде денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және шығармашылық саласының білікті мамандары бар. Олардың 15 пайызы – жоғары білімді азаматтар, – делінген Kazinform-ға берген ресми жауабында.

Бұрын қандастар негізінен шекаралас Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныстанса, қазіргі статистика миграциялық бағыттың Астана мен Алматы қалаларына қарай ойысқанын көрсетеді.

Мемлекет тарапынан қоныс аударушыларға берілетін қолдау да күшейтілген. Мәселен баспана сатып алу үшін берілетін біржолғы сертификат құны 7 миллион теңгеге дейін жетті.

– Қытай мен Өзбекстаннан келетін негізгі ағын бұл елдерде ірі этникалық диаспораның болуымен байланысты. 1991 жылдан бері Қытайдан 378 мыңнан астам қазақ тарихи отанына оралды, – деп толықтырды Көші-қон комитеті.