Түркияда 200 доллар үшін қазақстандық спортшы полиция шақырған - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда 200 доллар үшін қазақстандық спортшы полиция шақырған

Түркияда 200 доллар үшін қазақстандық спортшы полиция шақырған

Қазақстандық еркін күрес шебері Бекзат Джортанов Стамбұл әуежайында болған оқиғаға байланысты жұрт назарын өзіне аударды.

  • 10 Сәуiр
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Даудың шығуына такси жүргізушісінің жол ақысы ретінде 200 доллар (шамамен 95 мың теңге) сұрауы себеп болған. Бұл – әдеттегі бағадан әлдеқайда жоғары.

Видео әуежай терминалының маңында түсірілген. Кадрда бірнеше түрік полицейі “Airport Taxi” жазуы бар сары таксини қоршап тұрғаны байқалады. Әңгіме барысында жағдайдың шиеленіскені көрінеді. Спортшының айтуынша, жүргізуші бағаны әдейі өсірмек болған, алайда ол төлеуден бас тартып, полиция шақырған.

Оқиға соңы тексеріске ұласқан. Полицейлердің бірі көліктің салонын қараса, екіншісі жүргізушінің құжаттарын тексерген. Жүргізушінің абыржып, түсінік беруге тырысқаны байқалғанымен, тәртіп сақшылары талаптан таймаған.

«Алаяқтар, Стамбұлдың алаяқтары. Бізді 100 долларға апаруы керек еді, бірақ 200 доллар сұрады. Сондықтан, достар, қай жерде жүрсеңіздер де сақ болыңыздар – алдап кетуі мүмкін», – деді спортшы видео барысында.