Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Гүлмира Әбіқай Ақбаянның осыдан 3 жыл бұрын өз ата-анасының тойын жасағанын, онда тіпті ән айтқанын ескерткен.
«3 жыл бұрын. Ақбаян 4-ші балаға жүкті. Ата-анасының 60 жас мерейтойын өзі ұйымдастырып, бәріне өзі жүгірді. Тіпті, ән шырқады. Тойға Сұлтан мен әкесі келген жоқ.
Бұл Қарабалиндер отбасындағы алғашқы және соңғы той болды. Қазір видеодағы 4 адам да жоқ», — деп жазды журналист.
Көпшілік Ақбаянды емдету керек екенін, оның кінәсі жоқ екенін айтып, дабыл қағып жатыр. Олар: «Ақбаянды қазақ қыздары күш біріктіріп емдетейік, есін жинап, балаларын бауырына басып, өмір сүрсін. Индонезиядағы ұсталған кезіндегі келбеті мен әуежайдағы азар жүрген жүрісі көз алдымнан кетпейді. Бейкүнә жан», «Қазақтың қыздары , оқыңдар, дамыңдар, мықты болыңдаршы, біреуге жем болмай, жаман жолға түспей, өз денсаулықтарыңдф бірінші орынға қойыңдаршы, бала керек, әрине, бірақ балаға да жағдай жасау керек», «Көзінше туғандарын өлтіргеннен жынданып кетті ма екен кім білсін», — деп жазды олар.