Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді.

  • 10 Сәуiр
  • 3
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ, өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр», — деп жазылған хабарламада.