Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Гимнаст Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды.

  • 13 Сәуiр
  • 6
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.

Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Курбанов қола медаль жеңіп алған болатын.