Қазақстан ҰОК Еуразиялық спорттық ынтымақтастық қауымдастығының алғашқы форумына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ҰОК Еуразиялық спорттық ынтымақтастық қауымдастығының алғашқы форумына қатысты

Қазақстан ҰОК Еуразиялық спорттық ынтымақтастық қауымдастығының алғашқы форумына қатысты

Арменияның Ереван қаласында Еуразиялық спорттық ынтымақтастық қауымдастығының алғашқы форумы өтті.

  • 13 Сәуiр
  • 4
Фото: ҰОК

Ауқымды шараға Еуропа мен Азия елдерінің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері жиналды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан бас хатшы Әлімжан Ақаев қатысты.

Форум Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, өңіраралық байланысты нығайтуға және ҰОК-тердің институционалдық әлеуетін арттыруға бағытталды.

Кездесудің негізгі тақырыбы — екі құрлықтағы ҰОК арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, спортты басқару, спортшыларды даярлау және халықаралық әріптестікті дамыту бағытында жаңа серіктестік үлгілерін қарастыру болды.

Қатысушылар ұйымдық даму мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Еуразия кеңістігіндегі спорт ұйымдарының өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік беретін нақты тетіктер қарастырылды.

Форум бағдарламасы стратегиялық және жұмыс сессияларын, тақырыптық панельдерді, сондай-ақ, екіжақты кездесулерді қамтыды. Әсіресе, спорт дипломатиясы, басқару тәсілдерін жетілдіру және алдағы жылдары бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

«Ереванда өткен бұл форум Еуропа мен Азия елдерінің ҰОК өкілдері үшін ашық пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Мұндай кездесулер біз үшін аса құнды. Себебі олар спорт пен олимпиадалық қозғалысты дамытуға қатысты ортақ көзқарастарды талқылап қана қоймай, алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға жол ашады.

Қазақстан ҰОК серіктестікті кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және өзара ықпалдастықты нығайтатын бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті», — деді Әлімжан Ақаев.

Форум аясында Еуразиялық спорттық ынтымақтастық қауымдастығы мен Қазақстан ҰОК арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тәжірибелік ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуды кеңейтуге және Еуразия кеңістігінде бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға бағытталған.

Қазақстан тарапының қатысуы ҰОК-тің халықаралық әріптестікті жүйелі түрде дамытуға және шетелдік әріптестермен кәсіби диалогты кеңейтуге деген ұстанымын айқындай түсті. Форум нәтижесі 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен жұмысты үйлестіруге және Еуропа мен Азия елдерінің Ұлттық Олимпиадалық комитеттері арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын белгілеуге негіз болады.