Көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Көркем гимнастикадан Бакуде (Әзірбайжан) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімі жарияланды.

  • 14 Сәуiр
  • 6
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық гимнастика федерациясының мәліметіне сәйкес, аталған турнирде Қазақстан құрамасы жекелей сында екі спортшымен өнер көрсетеді.

Құрамға Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева енді.

Айта кетейік, жуырда Францияның Тье қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерекешева екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған еді.