Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 476.97
  • 562.59
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.

  • 14 Сәуiр
  • 4
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін ұлттық құрама тоғызыншы сатыда тұрған еді. Соңғы жаңартылған тізімде Қазақстан жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке біртабан жақындай түсті.

Бұл оң өзгеріс Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Осы жеңіс қазақстандық теннисшілерге 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Италия — әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания сақтап қалса, үздік үштікті Украина түйіндеді.