Павлодар қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшартпен жұмыс істеп жүрген әскери қызметкер өзіне берілген қарудан оқ атқан. Атыс кезінде бір әскери қызметші жараланып, оқ атқан әскери жан тапсырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, осы іс бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери қызметші өзіне берілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды», — деп хабарлайды ІІМ.
Полиция адам өлімі мен қару қолдану баптары бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастаған. Тергеуді Ішкі істер министрлігінің Әскери тергеу департаменті жүргізіп жатыр.