“Машаллах” пен “иншаллах” сөздері қазақ тіліне жат па? Теолог жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Машаллах” пен “иншаллах” сөздері қазақ тіліне жат па? Теолог жауап берді

“Машаллах” пен “иншаллах” сөздері қазақ тіліне жат па? Теолог жауап берді

Қазақстанда араб және парсы тілінен енген сөздерді қолдану соңғы жылдары сәнге айналып барады. Рамазан, сәресі, ауызашар деген сөздер болса оның арабша нұсқасын айтатындар көп.

  • 16 Сәуiр
  • 56
Видеодан скрин

Осыған байланысты Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Төреәлі Қыдыр пікірімен бөлісті.

Бұл туралы ол «Муфтият мінбері» подкастында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Тіл деген ол тірі процесс. Тіл дамиды, өркендейді. Кейбір тілдер өліп кетіп жатады. Сондықтан да біз оны тірі процесс дейміз. Бір ғасыр бұрынғы Абайдың тілі мен қазіргі тілді салыстыра алмайсың. Қазір Абайдың қасына отырып, «телефоныма wifi-ды қосып жіберіңізші» десеңіз, Абай оның бірін де түсінбейді. Себебі, 1 ғасыр бойында тіл дамып кетті. Екіншіден, Исламды жаңа ғылым дедік. Кез келген саланың өз терминдер жүйесі болады. Жаратылыстану саласының өз терминдері бар, оны екінің бір түсіне бермейді. Исламтанудың да намаз, ораза, зекет, қажылық секілді өзінің ұғым атаулары бар. Белгілі бір мамандар оны қолданып отырады», -деді Төреәлі Қыдыр.

Сондай-ақ, ол «Машаллах, Иншаллах» сөздері бұрыннан бар екенін атап өтті.

«Машаллах, Иншаллах» деген сөздерсіз де өмір сүрдік қой» дегенге келсек, тура осындай жағдай 1 жыл бұрын да болған. Ғасырдың дамуымен соңғы 5 жылда қанша сөз кіріп кетті. Chat gpt, wi-fi дейміз, жаңа сөздер кіріп жатыр. Нағыз ұлтшылдар осы сөздерге неге айтпайды деп ойлаймын. «Машшалах, иншаллах» сөздері Яссауиде бар, алтын орда, Қазақ хандығы кезінен бар. Неге біз бірден оған қарсы шығамыз? Әдебиетші ретінде осы сұрақ мені мазалайды. Бұл бабаларымыз қолданған, заманның дамуымен қайтадан дамып жатыр», — деді теолог маман.