Алматыда 19 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты бірқатар көше жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 19 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда 19 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты бірқатар көше жабылады

Алматыда 19 сәуірде жартылай марафон өтеді.

  • 16 Сәуiр
  • 3
Фото: Caravan.kz

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Марафон күні қалада жол қозғалысы ішінара шектелмек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Ал Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Сейфуллин даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағымен Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Сөре Әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталып, мәре Орталық стадионда аяқталады. Сағат 07:00–де 10 км қашықтыққа жүгіру және скандинавиялық жүріс басталады. Ал сағат 08:15-те 21 км қашықтыққа қатысушылар жарыс жолына шығады, — деп хабарлады әкімдіктен.